Қазақстанда 500-ден астам ауылда интернет сапасы нашар

Елдегі 510 ауылда интернет сапасы нашар. Үкімет ұсынған деректердің дұрыс-бұрыстығы күмән тудырады. Оған халықтың да, сарапшылардың да көңілі толмайды.

Бүгін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева ғаламторсыз отырған ауылдар жайын көтерді. Министрлер кабинеті былтыр интернетке ел аумағының 98,7 проценті толық қосылғанын мәлімдеген. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша. Интернет жеткен елді мекендердің өзінде жылдамдық жоқ.

«Мұндай жағдай қала мен ауыл арасын алшақтатып жіберді», - дейді Мәжіліс депутаты.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2020 жылдың нәтижесі бойынша мемлекет 98,7 процентке кең жолақты интернетпен қамтылды. Бұл сандардың дұрыстығы күмән келтіреді. 510 ауылда интернеттің төмен жылдамдығы байқалады.