424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет қайраткері Қуаныш Алпысбеков дүниеден өтті

  • 120
  • UPD: 23:14, 23.06.2021
Мемлекет қайраткері Қуаныш Алпысбеков дүниеден өтті

Бүгін, 23 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның заңнамалық базасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Мәжіліс депутаттарының атынан және жеке өз атымнан орны толмас қазаға байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамын. II сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков отандық заңнамалық базаны жетілдіруге сүбелі үлес қосты», - деді Нұрлан Нығматулин. Сонымен қатар Мәжіліс спикері Қуаныш Алпысбековтің КОКП ОК-де, кейінірек Көлік министрлігінде, Ақмола облысының басшылығында, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жауапты мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген жылдардағы жоғары кәсібилігіне тоқталды. «Көрнекті мемлекет қайраткері, керемет тұлға және сенімді дос Қуаныш Махмұтұлы туралы жарқын естелік адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады», – деп атап өтті Мәжіліс спикері.

Хабар 24 телеарнасы