Н.Назарбаев Мәскеуде В.Путинмен кездеседі

Н.Назарбаев Мәскеуде В.Путинмен кездеседі
РИА Новости

30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуі өтеді.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың болашағы мен өңірдегі жағдай бойынша күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер сөз болады», - деп жазды Айдос Үкібай.