Ауғанстандағы қазақстандықтар мен дипломаттардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

Ауғанстандағы қазақстандықтар мен дипломаттардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі
РИА Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Президент твиттердегі парақшасында жазды. Мемлекет басшысы қазақстандықтар мен дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Және ахуал мұқият бақылауда», - деп жазды Президент.