ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінде Ауғанстан мәселесі қозғалды

Президент ТМД елдері басшыларының кеңесінде Ауғанстан мәселесін де көтерді.

«Саяси ахуал өзгерген мемлекетте жағдай қиындамас үшін бірлесіп көмек көрсету қажет. Ауған халқын дағдарыспен бетпе-бет қалдырмау керекпіз. Біздің ел Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберуде. Дегенмен, Алматыда арнайы осы іспен айналысатын логистикалық хаб құрған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымының өңірлік орталығын ашу жөнінде бастама бар. Ол саяси жағдайы ушыққан елді тұрақтандыруға көмектеседі.

Президент «осы ұсыныстарды іске асыруда ТМД елдерінің қолдауы аса маңызды роль атқарады» деді.