АҚШ Конгресінде Қазақстанмен тұрақты сауда қатынастарын орнату туралы заң жобасы ұсынылды

АҚШ Конгресінде Қазақстанмен тұрақты сауда қатынастарын орнату туралы заң жобасы ұсынылды

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Дина Тайтус, қазақстандық кокустың тең төрағасы, американдық жұмысшылар мен компаниялардың экономикалық мүмкіндіктерінің артуына әкелетін Қазақстанмен тұрақты сауда қатынастарын (PNTR) құру туралы заң жобасын ұсынды. Бұл туралы АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Д.Тайтустің баспасөз хабарламасында айтылды.

Құжат 1974 жылғы сауда туралы заңның IV бөлімі ретінде Конгресспен қабылданған Джексон-Веник түзетуімен байланысты, ол Президентке сауда келісімдері бойынша келіссөздер жүргізу құқығын берді. Джексон-Веник түзетуі эмиграцияға шектеу қойған «нарықтық емес» экономикасы бар елдерді қолайлы сауда мәртебесінен айырды. Түзетудің негізгі мақсаты еврейлер мен басқа діни азшылықтардың эмиграциясына қатаң шектеулер қойған Кеңес Одағы болды.

Қазіргі таңда АҚШ Албания, Армения, Болгария, Қытай, Грузия, Эстония, Венгрия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Моңғолия, Румыния, Украина, Вьетнам және Ресейге PNTR мәртебесін берді.

«Кеңес одағы уақытында Қазақстанның тұрақты сауда қатынастарынан шеттетуі ескірген шара. Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан бері жыл сайын Джексон-Веник ережелеріне сәйкестігін растады, ал Америка Құрама Штаттары Қазақстанның бұл ережелерді 30 жыл бойы ұстанып жатқандығын үнемі растап келеді. Оған қарамастан Конгресс біздің Қазақстанмен сауда қарым-қатынасымызды түгелдей реттей алмай отыр», - деп конгрессвумен Д.Тайтус басып айтты.

«Жаңа мәртебе Невада компанияларына Қазақстанмен бизнес жүргізуге қажетті сенімділік береді, бұл оларға жақсы жоспар құруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді».

«Қырғи қабақ соғыс кезіндегі Джексон-Веник түзетуі Қазақстан мен Индиана штатындағы отбасыларға, жұмысшылар мен фермерлерге («Хузье» - этнохороним) әлемдік нарықта бәсекелестікке жол бермейді. Джексон-Веник түзетуі 1974 жылы маңызды сақтық шарасы ретінде қабылданғанымен, Қазақстан 30 жылға жуық уақыт ішінде «алып тастау үшін» талаптарын орындады», - деді конгрессвумен Джеки Валорски.

«Бұл шектеулерді алып тастап, тұрақты сауда қатынастарын орнатып, біздің екі партиялық заңнама американдықтарға Қазақстанның төмен тарифтері мен нарықтық реформалардың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді, отбасылар үшін шығындарды азайтады және біздің маңызды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығымызға жүктемені жеңілдетеді», деп айтты.

«АҚШ-Қазақстан кокусының тең төрағасы және екіжақты экономикалық байланыстарымыздың берік қолдаушысы ретінде мен осы маңызды заңның демеушісі болғаныма қуаныштымын», - деді конгрессмен Стив Шабот.

«Қазақстан – жас демократиямен және қуатты көршілерімен әлемнің маңызды бөлігінде орналасқан. Экономикалық интеграцияның күшеюі біздің екі елге де пайдалы болады және Қазақстанның Батыспен терең қарым-қатынастарды дамытуға деген ұмтылысына қолдау көрсетеді».

Бұл заң жобасының бастамашылары арасында конгрессвумен  Джеки Валорски, Стефани Мерфи, сондай-ақ қазақстандық кеңестің тең төрағасы, өкіл Стив Шабот болды.