Министр: Елде мигранттардың транзитіне тыйым салынған

Министр: Елде мигранттардың транзитіне тыйым салынған

Қазақстан Таяу Шығыстан, Беларуське бағытталған жолаушылар транзитіне тыйым сала ма? Бұл сұраққа Министр Бейбіт Атамқұлов  жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

«Қазақстан тікелей әуе қатынасы орнатылмаған елдердің азаматтары үшін, транзитке бұрыннан тыйым салған. Сондықтан бұл тұрғыдан біз қорғалғанбыз», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Үкімет отырысынан кейін. Бұған дейін Өзбекстан билігі өз аумағы арқылы Беларуське Ауғанстан, Ирак, Йемен, Ливан, Ливия және Сирия азаматтары үшін авиа-транзитке уақытша тыйым салған. Соңғы кездегі Беларусь пен Польша шекарасында Еуроодақ елдеріне кіргісі келетін бірнеше мың мигранттың жиналуына байланысты жағдай ушығып кетті. Польша билігі шекарадағы күзетті күшейтіп, мигранттардың елге заңсыз кіру әрекеттерін әшкерелейтін әскери күштер тартылды.