Елбасы ұсынған «жеті тұғыр» елдің рухани дамуына бағыт береді

«Нұр Отан» партиясы алдағы 30 жылда Қазақстанның дамуына бағыт-бағдар болуы керек.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, Тұңғыш Президент - Елбасының партия төрағасы міндетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруында үлкен мән бар. Елдегі ұрпақ сабақтастығы жалғасын тауып жатыр. Депутат партия құрамындағы жастардың да әлеуеті зор екенін айтады.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасы өзіміздің жас ұрпаққа тәуелсіздіктің 7 тұғыры жөнінде бағдарлама ұсынды. Әрбір тұғырдың өзі еліміздің рухани дамуының, қазақ социумын әрі қарай дамытудың үлкен бағыты деп айтуға толық негіз бар. Әрине осыдан кейін «Нұр Отан» партиясы ішінде эволюциялық өзгерістер болуы ықтимал. Бірақ осы 30 жылдың ішіндегі осы біздің елімізде жасалған әлеуметтік-экономикалық реформалар.