Қазақстанда Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Хабар 24.

Мемлекет басшылары жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды. Елшіліктің ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жаңа ғимаратты аралап шықты. Жиын соңында Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.