30 жыл бұрын ТМД декларациясына қол қойылды

30 жыл бұрын ТМД декларациясына қол қойылды
www.ans.kz

1991 жылдың 21 желтоқсанында Елбасы бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен декларацияға қол қойылды.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер-парақшасында жазды.

«21.12.1991 жылы Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. 30жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады» делінген жазбада.