Ерлан Әлімбаев БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды

Ерлан Әлімбаев БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды
Inbusiness.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Ал осы лауазымдағы Жанар Сейдақметқызы Айтжан қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.