Президент «Jas Otan-ды» сынға алды 

Президент «Jas Otan-ды» сынға алды 
Жас Отан

Қаңтардың қасіретіне де жемқорлықтың қатысы бар. Президент осылай деді. Сондықтан партия мүшелері осы қылмыспен күресуде белсенді болуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтан бүгін тек нұротандықтар ғана емес, жасотандықтар да сөз естіді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

– «Jas Otan» нақты жұмыс істеу үшін зор әлеуетке ие. Партияның жастар қанатында бүкіл еліміз бойынша 100 мыңнан астам мүше бар. Бірақ осынау айтарлықтай ресурс лайықты қолданылмай отыр. «Jas Otan» қатарына пайдалы қоғамдық қызметпен айналысуға дайын, жастар арасында сенімге ие көшбасшыларды тарту қажет. Мемлекет жастарды жұмыспен қамту, білім беру және оқыту саласында бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруда. Алайда әлеуметтік сауалнама нәтижесі жастардың ол бағдарламалар жайында хабарсыз екенін көрсетті.