Жас сарапшылар еліміздегі жаңа экономикалық саясатты талқылады

Жас сарапшылар еліміздегі жаңа экономикалық саясатты талқылады

Жаңа экономикалық саясатты өңірлік даму тұрғысынан қалыптастырып, кадрларды экономиканың қажеттілігіне қарай дайындау керек.

Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубында осындай ой айтылды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен кездесуде Президенттің «Жаңа Қазақстан» бағдары талқыланды. Мәулен Әшімбаев қаңтар оқиғасын әлеуметтік бағдарламалардың тиімсіз жұмысының салдары деп бағалады. Мәселен, былтыр бюджет шығыны 15 трлн теңгеден асқан. Оның жартысына жуығы осы салаға тиесілі. Тек әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етудің өзіне 4 трлн теңге жұмсалды. Яғни ауқымды қаржы бөлінгенімен айтарлықтай нәтиже жоқ. Сенат төрағасы «кедейлікпен күресу үшін білім беру жүйесін жақсартуымыз керек» деді.