Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық арта түспек

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық арта түспек

Қазақстан мен Қырғыз елдері арасындағы ынтымақтастық арта түспек. Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен келіссөз өткізді.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп және отын-энергетика кешені, экология, білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Екі ел арасында бірлескен индустриялық сауда-логистика кешенін құру мәселесін іске асыру басталды. Автомобиль өнеркәсібі бойынша ынтымақтастық шеңберінде қырғыз тарапы көлік техникасын сатып алу және лизинг мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ трансшекаралық сулар және энергетикалық ынтымақтастық бойынша да бірқатар шаралар қабылданды.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

– Қырғыз Республикасы Қазақстанның өңірдегі  негізгі және саяси-экономикалық әріптестерінің бірі. Әрі бауырлас мемлекет. Біздің елдеріміз арасындағы екіжақты әріптестіктің барлық спекторы бойынша жемісті өзара ісм-қимыл орнатылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемі шамамен, 15 процентке артқаны байқалады. Жоғары деңгейде орындалған тапсырмаға сәйкес, тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткені қуантады. Таяу болашақта тауар айналымын 2 млрд деңгейіне жеткізуді ұсынамыз.