Қазақстан Украина мен Ресей арасына келіссөз алаңын ұсынуға дайын

Қазақстан Украинадағы ахуалға алаңдап отыр. Сондықтан әскери жанжалдың тезірек тоқтатылуына мүдделі.

Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Ол Женевада өтіп жатқан Адам құқықтары жөнінде БҰҰ Кеңесінің 49-сессиясына қатысып жатыр. Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан Ресей - Украина арасындағы келіссөзді мұқият бақылап отыр және ол жанжалдың бейбіт реттелуіне үмітті.

Мұхтар Тілеуберді, Қазақстан Сыртқы істер министрі:

- Көптеген мемлекеттер Ресей және Украина тараптарының тезірек келіссөздер өткізуін қолдап отыр. Әрине Қазақстан да осыны қалайды. Сондықтан Ресей мен Украина ниетін танытса, өз жағымыздан келіссөздер өтетін алаңмен қамтамасыз етуге дайынбыз.