Мемлекет ашық ақпараттық алаң құрады

БАҚ туралы заңды қайта қарау керек. Мемлекет басшысы өз жолдауында осыған мән берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде отандық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Сондықтан мемлекет ашық ақпараттық алаң құруға күш салады. Президент әрбір журналистен мемлекет пен азаматтарға жанашыр болуды сұрады. Себебі болашақты еркін әрі жауапты БАҚ-сыз елестету мүмкін емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– БАҚ бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы көзқарасы болуы тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты.