АDAL ұжымы АМАNAT партиясына қосылды

АDAL партиясы АМАNAT партиясының құрамына кіреді. Бүгін осындай шешім қабылданды.

АDAL партиясының жетекшісі Серік Сұлтанғали жаһандық дағдарыс заманында бір жұдырықтай жұмылуымыз оңтайлы шешім деп мәлімдеді. АDAL партиясының мүшелері бұл өзгерісті толықтай қолдап, алға қойған мақсаттарға бірге жетеміз деп сенімін білдірді.

Эльдар Жұмағазиев, партия хатшысы:

- Билік партиясына бірікеннен кейін, бастамаларымыздың тың серпін алып, халық игілігін көреді деген сенеміз. Біздің шешімімізге өзге де партия жанашырлары қолдау білдіреді деп үміттенеміз. АМАNAT-пен бірге алар асуымыз алда деп есептейміз. Аманатқа адал болайық!