Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады

Елде 3 мыңға жуық қылмыстық іс қаралып жатыр.

Қазір елде 3 мыңға жуық қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына есеп беру кезінде айтты. Сондай-ақ ведомство басшысы тәртіп сақшыларының қызметін жетілдіру шаралары жайында ақпарат берді. Мәселен, қазір құқық қорғау органдарында полиция жұмысын бағалау жүйесін қайта қарау, бюрократияны жою, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін оңтайландыру, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту жұмыстары жүріп жатыр. Кездесу қорытындысы бойынша Президент министрге еліміздегі құқықтық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметін сервистік модельге өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.