Президент халық артисі Юрий Померанцевтің туған-туыстарына көңіл айтты

Президент халық артисі Юрий Померанцевтің туған-туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық артисі Юрий Померанцевтің туған-туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды» делінген жеделхатта.