Ә.Смайылов: Импорт пен экспортқа қатысты деректер нақтылануы керек

Қытай-қазақ шекарасында үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123%-ке көп көлік жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кедендік құн және төлемдер индексінде оң көрсеткіштер бар. Ал «Нұр жолы» шекарадағы өткізу бекетінде бір тасымал құны 4500 доллардан 2050 долларға төмендеген. Сондай-ақ қолма-қол ақшамен есеп айырысу алынып тасталды. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жыл басынан бері арнайы кран арқылы 61 көлік тиелді. Өз кезегінде тариф екі есе төмендеді. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды. Үкімет басшысы статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді өзектендіруді тапсырды.