IV NOBEL FEST: Украинадағы жағдай сөз болды

IV NOBEL FEST: Украинадағы жағдай сөз болды

Қытай Ресейдің сыртқы саясатын қолдаса, Батыс аспан асты елінен алыстай бастайды. Ал Украинадағы ахуал Қазақстан мен Өзбекстан экономикасының Ресейге тәуелділігін байқатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда экономикадан бұрын қауіпсіздік маңызды. Вакциналар және иммундау жөніндегі жаһандық альянс төрағасы Жозе Мануэл Баррозу елордада өтіп жатқан «Нобель фест» онлайн форумында осылай деді. Өзге қатысушылардың айтуынша, іс жүзінде ғылым саласына бет бұрған жергілікті жастарды мемлекет те, меценаттар да қаржылай қолдауы керек. Төртінші халықаралық онлайн фестиваль Нобель премиясы лауреаттарының да басын қосты. Жаһандық инноваторлар бизнес-спикерлермен пікір алмасты. Биылғы тақырып «Экспоненттік инновациялар әлемі» деп аталады.

Қайрат Құдайберген, кәсіпкер:

Ғылыми жаққа алып кететіндей өңірлер жоқ және адамдарға және ғылымға көмектесу үшін мемлекеттік бағдарламалар керек. Тек сөзбен емес, қаржы жағынан көмек керек. Бұны жүйелі түрде біз жасамасақ, ертеңгі күніміз қандай болатыны біз үшін беймәлім. Сол себепті үкіметтің көзқарасы өзгеруі керек және ғылыми бағытта жұмыс істеп жатқан жастарымызды қолдау керек.