Сенаторлар Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті
Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен бюро отырысы болды. Онда биылғы 21 сәуірге жоспарланған Палата отырысының күн тәртібі бекітілді.

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралатын болды. Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, заң жобасының мақсаты ҚР Үкіметі мен Түркі Академиясының өзара іс-қимыл тәртібін реттеу болып табылады. Құжат Қазақстан Республикасындағы қызметі кезеңінде Түркі Академиясы қызметкерлерінің мәртебесі мен құқық субъектілігін, құқық қабілеттілігі мен құқықтық мәртебесін және т.б. анықтауды көздейді.

Бюро отырысында сонымен қатар пысықтау жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін бұрын Мәжілісте мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.