Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
ҚР ҚМ

Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстанда аккредиттелген Үндістанның әскери атташесі Дирадж Раманандпен кездесті.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын, сондай-ақ оның даму көкжиегін талқылады. Екі елдің әскери өзара іс-қимылы бітімгершілік қызмет пен әскери қызметшілердің тілдік даярлығын қамтиды.