Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен БҚО-ға барды

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен БҚО-ға барды

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Үкімет басшысы барған алғашқы нысан 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді қосатын Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы автожолының учаскесі болды. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресей Федерациясына транзиттік дәліз болып отыр.

«Қазіргі уақытта трассаның жағдайы қанағаттанарлықсыз, аталған трассадан тәулік сайын Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы өтеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Орал қаласында ҚР премьер-министрі үш ауысыммен оқытуды жою шаралары аясында іске қосылған 300 оқушыға арналған №18 мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніне де барды.