Саяси реформалар енгізу үрдісі жеңілдейді – депутат

Съезде Adal партиясы Amanat-қа түбегейлі қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірігу еліміздің саяси кеңістігін реформалауға оң әсерін тигізеді. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның пікірі осыған саяды. Оның айтуынша, 2 ұйымның адами капиталы мен ақпараттық ресурстары халықпен тығыз жұмыс жүргізуге серпін береді.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Партиялардың бірігуі – тек бізде ғана емес, әлемнің алпауыт елдердің саяси тарихында бар дүние. Adal партиясы 2020 жылдан кейін ребрендингтен өткен, кәсіпкерлермен, халықпен жұмыс істеуде көңілден шықты деуге болады. Сол себепті Adal партиясының саяси кеңесіндегі қабылданған шешім Amanat-тың саяси кеңістегі реформалары серпін береді деп айтқым келеді.