Қазақстан мен Түркия халқын байланыстыратын тарихи тұстар көп

Қазақстан мен Түркия халқын байланыстыратын тарихи тұстар көп
inform.kz

ҚР қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Анкарада Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесу кезінде екі елдің қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті «Анадолы» газетіне жарияланды. Руслан Жақсылықов Анкараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың делегациясы құрамында барды. Мәртебелі мейманның құрметіне Түркияның қорғаныс ведомствосы ғимаратының жанында құрметті қарауыл сапқа тұрды. Министрлер бауырлас екі мемлекеттің қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Түркия мен Қазақстан халықтарын байланыстыратын тарихи тұстардың бар екенін атап өтті. Түркия министрі Анкара мен Нұр-Сұлтан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді екіжақты байланыстарды кеңейтудегі маңызды кезең деп атады. Акар Түркия-Қазақстан қорғаныс байланыстарын, оның ішінде бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.