Депутаттар Атырауда энергетиктермен кездесті

Депутаттар Атырауда энергетиктермен кездесті

Бүгін Мәжілістің бір топ депутаты Атырау жылу қуат орталығы ұжымымен кездесті.

Онда мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған саяси реформалар жайын түсіндірді. Референдумның негізгі мақсат еліміздегі саяси жүйені жаңғырту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту. Ол үшін билік тармақтарын әртараптандырудың тетіктерін жетілдіру керек. «Суперпрезиденттік» басқарудан парламенттік-перзиденттік жүйеге көшу өмір талабы.

«Сондықтан еліміз үшін ерекше маңызға ие саяси шараға баршамыз атсалысуымыз керек», - дейді депутаттар. 

Сәлімжан Нақпаев, ҚР ПарламентІ Мәжілісінің депутаты:

- Бұл жерде біздің байқағанымыз кеше елді мекендерді аралағанда, еңбек ұжымдарымен кездескенде халқымыз мұны өте жақсы түсініп, қолдап жатыр. Өйткені бұл саяси жаңғыру. Саяси реформа басталмай, біздің елімізде даму мен экономикалық реформалардың жүруіне шектеу қойылатын болады.