Президент туыстарының қызмет атқара алмауы жемқорлықты болдырмайды – Сарапшы

Конституциялық реформа Қазақстанның экономикалық, мәдени және саяси дамуына ықпал етеді.

Бұл оңтүстік кореялық саясаттанушы Пак Сан Намның пікірі. Профессор бұл ойын Сеулде онлайн режимінде өткен дөңгелек үстелде ортаға салды. Бейнеконференцияға Кореяның 30-ға жуық қоғам қайраткері, саясаттанушылар мен журналистер қатысты. Оларға елшіміз Бақыт Дүйсенбаев конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Референдумда қабылданатын түзетулер форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Пак Сан Нам, саясаттанушы:

- Маңызды өзгерістердің бірі азаматтар Парламент депутаттарының үштен бірін тікелей сайлау арқылы сайлай алады. Яғни азаматтардың қатысу көрсеткіші кеңейіп келеді. Президенттің туыстарының қызмет атқара алмайтыны сыбайлас жемқорлықпен күресуге және қоғамның дамуына ықпал етеді. Саяси партияларды тіркеу шегін төмендету де саяси бәсекеге әкеледі. Ал сайлаушылар өздеріне ұнайтын саясатты таңдап, қолдайтын болады. Президент Тоқаевқа Қазақстанның демократиялық даму жоспарын орындауын тілеймін.