Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Сенат депутаттары Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы заң жобасын да мақұлдады. Келісім бойынша Қазақстан тарапы мүлікті Қырғызстанның Қойташ елді мекеніне дейін жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал өз кезегінде Қырғызстан алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерге қарсы қолданбайды. Заң жобасы бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді. Отырыста депутаттар Қырғызстанмен шекаралас Ауғанстандағы саяси ахуалдың шиелісуіне байланысты бұл шешім тұтас Орта Азияның қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретіні жайлы сөз етті.

Айта кетейік, қазірге дейін Қырғызстанның 300-ден астам әскери қызметшісі Қазақстанда білім алған. Бүгінгі күні 25 әскери қызметші оқудан өтіп жатыр.

Джерард Каналс, Open Arms ұйымының өкілі:

Өткен түнде ағаш қайықта отырған 100-ден астам адам Тунис жағалауында апатқа ұшырады. Көлікті 4 сағат бойы іздедік. Қазір құқарылған 110 мигрант Astral кемесінің бортында. Оларды шұғыл қауіпсіз портқа жеткізіп ауыз су мен азық-түлік беру керек.  Жергілікті билік бұған жәрдемеседі деп ойлаймын. Өйткені жақын арада ауа райы бұзылуы мүмкін.