Т. Күнәділов: Саяси науқан әділ өтті

Референдум барысында оның әділ өтуіне кедергі келтіретін заң бұзушылық болған жоқ. «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов осылай деді. Оның айтуынша, саяси науқан барысын орталықтың 20 мыңға жуық өкілі бақылаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республиканың түкпір-түкпіріндегі дауыс беру учаскелерінде таңнан кешке дейін болған байқаушылар шағым мен теріс пікір түспегенін айтады.

Төлеген Күнәділов, «Партиялық емес байқау орталығы» ҚБ төрағасы:

- Референдумның өту барасын өте жоғары деңгейде өтті деп баға беруге болады. Осы науқандық ашық және әділ түрде өткізуге кедергі жасайтын заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Біздің өңірлік аймақтар жанындағы ахуалдық орталық жұмыс істеді, онда өңірлерден келіп түскен деректер өңделіп, талданды.