Әлихан Смайылов Беларусьтің бірінші вице-премьерімен кездесті

Әлихан Смайылов Беларусь Республикасының бірінші вице-премьері Николай Снопковпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы алыс-берісті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Осыған дейін жалпы құны 100 млн доллар болатын 7 бірдей жоба жүзеге асқан. Қазір 2 тың бастама қолға алынды. Құны 14 млн долларға жуықтайды. Тараптар мұнымен шектеліп қалмай, арадағы сауда-саттықты одан әрі дамытуды көздейді. Бұдан әрі құрылыс, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында бірлесіп бірнеше жобаны іске асыру тетіктері сөз болды.