Бақыт Күрішбеков Талғардың әкімі қызметіне сайланды

Бақыт Күрішбеков Талғардың әкімі қызметіне сайланды

Алматы облысының Талғар қаласында жаңа әкім.

Енді қаланы сайлаушылардың 47,71 процент даусына ие болған Бақыт Күрішбеков басқарады. Ол бұған дейін «Amanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. 32 жастағы Күрішбековтың мамандығы экономист.

Сайлауға жалпы төрт кандидат түскен. Бақытжан Ақботаев, Нұрбек Дәулетбақов пен Сапарбек Назарбаев та әкім қызметінен үмітті еді. Сайлау күні дауыс беруге құқылы 41 995 адамның тек 23,77 проценті, яғни 9983 адам ғана дауыс берген. Жалпы Талғар әкімдері жиі ауысатын қаланың бірі. Былтыр қараша айында ғана әкім сайлауы өткен болатын.