Қазақстан елшісі Чили президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан елшісі Чили президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Бразилиядағы, Аргентина мен Чилидегі қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов «Ла Монеда» сарайында Чили Президенті Габриэль Боричке сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсімде Б. Нүсіпов Г. Боричке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін мен ізгі тілектерін жеткізді.

Жеке сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі мемлекет арасындағы тұрақты саяси диалогтың бар екенін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі әлеуетті, сондай-ақ көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылды атап өтті. Елші Чили басшылығын Қазақстандағы жалпыұлттық референдумның нәтижелерімен, сондай-ақ Қазақстандағы конституциялық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз кезегінде Г. Борич жылы құттықтаулар үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевқа Қазақстан халқының игілігі үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда одан әрі табыс тіледі. Чили Президенті өз елінің Қазақстанмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық салаларында белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.