Президент Сауд Арабиясының ірі компанияларымен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Корольдіктің 20 ірі компаниясының өкілдерімен кездеседі.

Арасында Саудияның ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco-ның еншілес ұйымы Saudi Basic Industries Corporation (SABIC) бар. Мұнай-химия саласына маманданған ол әлемнің 50 елінде жұмыс істейді.

Екінші мекеме - MA'ADEN тау-кен компаниясы. Ол ауқымы жағынан әлемде 10-орында. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығында үлкен активке ие Ajlan and Bros Holding Group Abilitii холдингі мен Корольдіктің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, нарықтағы капитализациясы 11 жарым миллиард долларды құрайтын SALIC компаниясы да бар. Соңғы 2 кәсіпорын Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға ниетті. Аталған 4 компания да Корольдіктің экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Мемлекет үшін стратегиялық маңызы ерекше жобаға кіреді.