Үкіметте Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері қаралды
PrimeMinister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол мен Ақтау портында контейнерлік хабтың және Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысы талқыланды. Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты мәселелер де ұдайы назарда екені айтылды.