Әзербайжанда Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық салынады

Әзербайжанның Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық салынады. 

Қазақстан Президенті осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлық қос елдің достығының, бауырластығының және бір-бірін өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өтті. Биыл қыркүйекте өнер ордасының іргетасы қаланып, 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Орталық музыка және музыкалық аспаптар, веб-дизайн, фото және видеокурстар бағытында жұмыс істемек. Сонымен қатар кілем тоқуға, қолөнерге, спорт пен хореографияға баулитын сыныптар ашылады. Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтып, бұл Физули қаласының балалары үшін әлемдік деңгейдегі шығармашылық орталық болады деген сенімін жеткізді.