Қазақстан – Бельгия: бейбіт атом саласындағы серіктестік

Қазақстан – Бельгия: бейбіт атом саласындағы серіктестік

Отандық ғалымдар бельгиялық әріптестерімен бірге ядролық медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздегі ядролық физика институтының мамандары осы орайда Бельгияның бірқатар компания өкілдерімен кездесті. Бұл бір есептен Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық іс-қимыл күні және екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылған шара. Отандық ғалымдардың сапарын қос мемлекеттің елшіліктері ұйымдастырған. Басқосуда бейбіт атомды дамытудағы серіктестік мәселесі талқыланды. Қатысушылар қоршаған ортаның радиациялық мониторингі, радио-изотоп өндірісіндегі технологиялар мен сутегі энергетикасындағы зерттеулер төңірегінде пікір алмасты. Бельгиядағы ядролық сынақ орталығында екі жақ ортақ жобалар әзірлеп, мамандар даярлауға келісті.  

Саябек Сахиев, ҚР Энергетика министрлігі ядролық физика институтының бас директоры:

– Мол қаласындағы Эй Си Кей ұйымымен алғаш рет меморандумға қол қою жөнінде ұсыныс енгізген болатынбыз. Солар меморандумды қарастырып, мінекей, бүгін соған қол жеткізіп отыр. Қыркүйек айының соңғы аптасында ядролық физика институтының 65 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтеді. Сонда мемормандуымның негізінде үлкен келіссөздерге қол қоямыз ба деген ниетіміз бар.