Әл-Азхар шейхі Ахмад ат-Тайеб елордалықтар үшін уағыз айтады

Осы аптаның жұма күнінде мұсылман жамағатын жағымды жаңалық күтіп тұр.

Ислам мәдениетінің көрнекті тұлғасы, Әл-Азхар шейхі Ахмад ат-Тайеб елордалықтар үшін уағыз айтып, жамағатпен бірге намаз оқиды. Имам ислам құндылықтарын араб тілінде жүргізеді. Ал оны қазақ тіліне жергілікті мамандар сол сәтте аударып отырады. Айта кетейік, Ахмад ат-Тайеб біздің елге Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне арнайы келді. Жалпы, Әл-Азһар университетінің жоғарғы имамы дәрежесі – ислам жетекшілерінің арасындағы ең белді атақ. Тарихқа көз жүгіртсек, 1679 жылдан бері Исламда бар-жоғы 50 имам бұл атаққа лайық болған. Оның үстіне Ахмад ат-Тайеб соңғы Пайғамбардың тікелей ұрпағы. Қазір бас мешітте жұма намазына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, сьездің бірқатар делегаттары жаңа мешітиі көріп жүр.

Серік Ахметов, республикалық бас мешіттің найб имамы:

- Қонақтардың көпшілігі бізге арнайы келіп, сұхбаттасып жатырмыз. Одан кейін келіп аралап, тамашалап жатыр. Бізде арнайы алып жүруші бірнеше тілде гидтарды қойдық.  Олар ақпараттық мешіттің сәулетін түсіндіретін болады. Одан кейін діни бағытта біз өзіміз де араласып жүргізіп жүрміз.