Елімізге мемлекеттік сапармен ҚХР төрағасы келді

Елімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірер минут бұрын елорда әуежайында құрметті қарауыл, мейманды сапқа тұрып, қарсы алды. Күншығыс елі басшысының Қазақстанға сапары аясында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін нығайту жолдары жан-жақты талқыланады деп жоспарланған. Екіжақты келіссөздерден кейін бірқатар маңызды құжатқа қол қойылуы күтілуде.