Мақсат– діндер мен мәдениеттің жаһандық диалогын тереңдету

Мақсат– діндер мен мәдениеттің жаһандық диалогын тереңдету

Қасым-Жомарт Тоқаев Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы төрағасының атқарушы орынбасары Малькольм Хонлайнді қабылдады. Кездесуде қос тарап діндер мен мәдениеттердің жаһандық диалогын тереңдету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы форумға белсенді қатысқаны үшін мейманға алғыс айтып, қоғамның дәстүрлі негіздерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ бұл игі іс, адамдардың сенімі мен рухани ілімін ұдайы нығайтатын барлық конфессияға тән екеніне сенім білдірді. Өз кезегінде Хонлайн Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізудің өзектілігі мен, форумның дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.