Қазақстан Халық партиясы президенттікке үміткер ретінде Қ.Тоқаевты ұсынды

Қазақстан Халық партиясы да Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

Партияның кезектен тыс сьезінде төраға Ермұхаммед Ертісбаев қазіргі мемлекет басшысының ұстанымдары мен шешімдері партияның идеологиясына сай келеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі әлем үшін алмағайып заманда Президент жанына ұйысу керек. Жиынға қатысушылар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады. Партия мүшелері егер қажет болса Тоқаевты қолдау мақсатында құрылатын азаматтық коалацияға да түсуге дайынбыз деді. Сонымен қатар, социалистер көтерген өзекті мәселенің барлығы Президент тарапынан оң көзқараспен қабылданатыны айтылды.

Асхат Асылбеков, ҚХП саяси бюро мүшесі:

- Коалицияға біздің партия да кіруі мүмкін, басқа партия да кіруі мүмкін. Басқа қоғамдық ұйымдарды кіруі мүмкін. Бүгін сондай жиналыс болады. біз сол коалицияның жиналысына барамыз. Сол жерде біріккен партия мен ұйымдардың жиналысынан кейін Президент тоқаев ұсынат шығар. Халық партияда лайықты кандидат көп. Бірақ дәл қазіргі саяси жағдайда халықты былықтырмай, соғыс провакация болып жатыр. осындай кезде Тоқаев ұстанған саясатты бізге ұнайды, біз оны қолдаймыз.