Қ. Тоқаев Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті

Қ. Тоқаев Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайғанын атап өтті.

Сондай-ақ екі ел арасындағы әуе қатынасын ашу, сауда және қаржы салаларындағы байланыстарды нығайтуға назар аударылды.

Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президентіне сәлем жолдады. Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан, Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.