М.Қажыкен туған жері – Павлодар облысына барды

Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын туған жері – Павлодар облысынан бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуелі жастармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Ақсу кентіндегі Ферроқорытпа зауытына барып, кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Одан кейін жарты ғасырлық тарихы бар алюминий зауытына барды. Қазір облыста кандидатты қолдайтын арнайы штаб жұмыс істейді. Онда 10 адам бар.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

Бұл туған жерім, өз елім. Енді бірінші қадам болған соң өз еліңнен нәр аласың ғой. Сондықтан осы жерден күш алып жатырмын. Өзі Павлодар облысы индустриалды облыс. Сондықтан, әрине, осындай өндірістен бастау керек.