Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Ұлытау облысында жалғасты

Бүгін ол Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген энергетик Яхия Асатовтың шаңырағына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейрам Зекешұлы кездесу барысында сайлауалды бағдарламасын айтып, пікір алмасты. Сексеннен асқан қария қазіргі таңда жазу үстеліне отырғанын айтады. Жазған өлеңдерімен де таныстырды. Сондай-ақ еңбек жолынан сыр шертіп, жеткен жетікстіктерімен бөлісті. Кездесу соңында келген қонақтарға батасын беріп, ақылын айтты.

Яхия Асатов, ҚР Еңбек сіңірген энергетигі:

 - Мыналарды алу үшін (медальдарды көрсетіп) еңбектену керек. Адал еңбек асыл ой. Арта берсін құрмет пен сый, абырой, деп мен айтамын өзім. Егер адал еңбек болса... Сосын асыл ой. Әр адамның ойы болады ғой. Солай болу керек.