Ж. Дайрабаев ауыл тұрғындарымен кездесті

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Жамбыл облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтарды Республика күнімен құттықтап, ауыл ақсақалдарынан бата алды. Меркі ауданында елге еңбегі сіңген фермерлермен жүздесіп, «Жілік шағу» дәстүрін өткізді. Тағы Байзақ және Жуалы аудандарына барып, шаруалармен кездесті. Жергілікті сүт зауытына барды. Жұртшылықпен агроөнеркәсіп саласының жетістіктері мен түйткілдері жөнінде әңгімелесті. Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

- Қостөбе ауылдық округіндегі сайлаушылармен кездесіп, бұл жерде басым көпшілігі –­ ауыл шаруашылығымен айналысатын фермерлер. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Қазір күзгі дала жұмыстары жүріп жатыр. Бірі қант қызылшасын, бірі жүгерісін және басқа дақылдарын жинап жатқан жағдайлары бар.