Қ.Тоқаев республикалық қоғамдық штабқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке кандидат ретінде республикалық қоғамдық штабқа барды.

Ол үгіт-насихат және талдау, сенімді өкілдердердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар штабы мен жастар алаңының жұмысымен танысты. Жоспар бойынша штаб 200-ден астам елді мекенді аралап, 52 мыңнан астам іс-шара өткізуі керек. Жалпы үгіт-насихат жұмыстарына Халықтық коалициядан 7 мың 500 белсенді тартылған. Сонымен қатар 30 мың сенімді өкіл тіркеліп, 20 мың байқаушы дайындалды. Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысы туралы ақпарды тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев сенім артқаны үшін барлығына алғыс білдірді. Кездесу барысында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, президенттікке кандидат:

- Біз мемлекетімізді одан әрі дамытып, оның тұғырын нығайта түсуіміз керек. Ең басты байлағымыз – тәуелсіздігімізді сақтап, ұрпаққа мирас ету бүгінгі буынның қасиетті парызы. Осы жауапты сәтте әрқайсымыз өз тарихи таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл ел тағдырына ықпал ететін маңызды қадам. Алдағы президент сайлауы еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан.