Білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды – Үкімет отырысы

2026 жылға қарай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлығы тәрбие және оқыту сапасын бағалаудың халықаралық құралдарын енгізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ата-аналар «жан басына қаржыландыру» принципі бойынша кез келген балабақшадан орын таңдай алады. 2025 жылға қарай 840 мың орынға арналған мектептер салынады. Сонымен қатар бакалаврлар стипендиясының мөлшері 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге ұлғаяды. Бүгін Үкімет отырысында қаралған мәселенің бірі – Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы. Жобаның жай-жапсары жайында арна тілшісі Рухани Асқар Үкімет үйінен байланысқа шығып, рет-ретімен баяндады.