Президент Рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысқандарға «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. Құжат жаңа ғана Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның шарапатын бір жарым мыңға жуық адам көреді. Қыркүйектегі Жолдауында Президент «қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Оларға кешіріммен қараған дұрыс» деген еді. Осылайша арандатушылардың артынан кетіп, от басқандар босатылады. Ал жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарға, мемлекетке опасыздық жасап, билікті күшпен басып алуға әрекеттенгендерге, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға кешірім жасалмайды.