Павлодар облысында 500-ден астам сайлау учаскесі дайын

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.

Төраға 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына дайындық барысын пысықтап, Екібастұзға қарасты ауылдық аймақтардағы бірнеше учаскенің жұмысымен танысты. Нұрлан Әбдіров ел болашағы үшін аса маңызды саяси науқанды әділ әрі ұйымдасқан түрде өткізу керектігін ескертті. Сонымен қатар дауыс беру кезінде кез келген сайлаушыға қолайлы жағдай жасау керектігін жеткізді. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көзі нашар көретін азаматтар үшін арнайы кабиналар мен құралдарды орнату қажеттілігін түсіндірді. Себебі әр тұрғынның дауысы маңызды. Айта кетейік, Ертіс өңіріндегі сайлау учаскелерінің барлығы сайлауға дайын. Бүгінгі таңда 528 учаскесі сақадай сай тұр. Барлығы қажетті құралдармен жабдықталған.  Осы уақытқа дейін 510 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген.

Сансызбай Төлеубаев, Екібастұз аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Екібастұз қаласы бойынша 65 сайлау учаскесі тіркелген. Соның ішінде ауылдық аймақтарда 20 учаскесі бар. Сайлаушылардың бүгінгі саны 95 мың 655. 65 учаскесінің сайлау комиссиясының мүшелері, төрағасы мен хатшылары және мүшелері тәжірибелік семинер-треннигті оқыды. Және дистанциялық тессттен өтіп,  сертификат алды. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлауға дайын.