Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Ұлытау облысы жұртшылығымен кездесулері жалғасуда

Ол аналар және ардагерлер кеңестерінің өкілдері, білім ошақтарының психологтары мен ювеналды полиция қызметкерлері бас қосқан жиынға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, сауалдарға жауап берді. Қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі – жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу тетіктерімен бөлісті. Мамандардың ой-пікірін тыңдады.

Нұргүл Әшірова, психолог:

- Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті мәселе. Мен психолог ретінде осы тақырып бойынша айттым және басқа да мамандардың пікірлерімен бөлістік. Өзінің бағдарламасымен таныстырып өтті.